Норвегия тақ мұрагерінің ұлы қылмыс жасады деп ұсталды

Фото: Фото: Lise Åserud (NTB)

АСТАНА. KAZINFORM – Норвегия тақ мұрагері Метте-Мариттің ұлы Мариус Борг Хейби ес-түзсіз болған адамға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі.

Норвегия телеарнасының хабарлауынша, 27 жастағы Мариус Борг Хейби дүйсенбі күні ұсталған. Оған қарсылық көрсетуге қауқарсыз немесе ес-түзсіз болған адамға зорлық көрсетті деген айып тағылуда. Полиция бұл оқиға бойынша әлі нақты шешім қабылдаған жоқ.

Бұған дейін де Норвегияның тақ мұрагері Метте-Мариттің ұлы Мариус Борг Хойбиді полиция ұстаған болатын. Ол бұрынғы сүйіктісіне зорлық-зомбылық көрсетті, сонымен қатар мүлкіне зиян келтірді деген күдікке ілінген.

Кейін Мариус Ослоның Фрогнер ауданындағы 26 жастағы әйелдің пәтерінде болған оқиғаға түсінік беріп, оның алкоголь мен кокаин әсерінен жасалғанын айтты.