Норвегиялық Dagens Naeringsliv газетіндегі ақпаратқа сәйкес, іштен жанатын қозғалтқышы бар автомобильдерді пайдалануға тыйым салу бастамасын Framstegspartiet (Прогресс партиясы) партиясы көтерді. Норвегиялық бюджеттің басым бөлігі жанар-жағармай өнеркәсібіне тәуелді. Бастаманы өзге партиялар құптаса, құжат күшіне енеді.
Норвегиядағы автомобильдердің 24% электр қозғалтқыштары арқылы жүреді.
Нидерланды парламентінің төменгі палатасы заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, 2025 жылдан елде жанар-жағармай және дизель отынымен жүретін автомобильдерді сатуға тыйым салады.