Кеме жергілікті тұрғын Йохан Хелбергтің үйінен бірнеше метр жердегі баққа келіп тоқтаған. Бұл уақытта Хелберг ештеңе сезбей ұйықтап жатқан. Оны алдымен есігін қағып, ешкім шықпаған соң телефонмен хабарласқан көршісі оятқан. Ол кеменің үлкен жылдамдықпен үйге қарай келе жатқанын көрген.
- Қоңырау шалған кезде мен есікті ашқым келмеген еді, өйткені уақыт тым ерте болатын, - деді Хелберг журналистерге.
Шамамен сағат 06:30-дың кезінде оқиға орнына құтқарушылар келді. Кеме бортында 16 адам болған, олардың ешқайсысы зардап шекпеген. Кеменің өзі саяз жерге тұрып қалған және оны эвакуациялау керек.
Осыған дейін Аралдың түбінде қалған кемелердің қайда кеткені туралы жаздық.