Енді король отбасының алдында ресми міндеттерді бөлу мәселесі тұр. Себебі екі патшайымның да қазіргі уақытта қызметін толық атқаруға мүмкіндігі жоқ.
Тоқсанға таяған Соняның соңғы жылдары денсаулығы сыр беріп жүр. Былтыр қаңтарда оған кардиостимулятор орнатылса, биыл мамыр айында сырқатына байланысты ауруханаға жатқызылды.
53 жастағы Метте-Марит маусым айында өкпе трансплантациясын жасатып, әлі де ұзақ уақыт қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр. Ол бұған дейін мүмкіндігінше жұбайына қолдау көрсетіп, корольдік жұп құрамындағы міндеттерін атқаратынын айтқан.
Король отбасына түсетін салмақты тақ мұрагері Ингрид Александра мен ханзада Сверре Магнустың әзірге шетелде оқуын жалғастырып жатқаны да арттырып отыр. Сонымен қатар өткен аптада король Харальдтың қарындасы, 94 жастағы ханшайым Астрид қайтыс болды. Ол соңғы жылдарына дейін ресми міндеттерін белсенді атқарып келген.
Сонымен бірге король Харальд қайтыс болғаннан кейін норвегиялықтардың Метте-Маритке деген сенімі айтарлықтай артқан. Сауалнамаға сәйкес, көктемде респонденттердің небәрі 22%-ы оны бұл рөлге лайық деп санаса, қазір бұл көрсеткіш 47%-ға жеткен.
Норвегияда екі патшайымның арасындағы ерекше қарым-қатынасқа да назар аударылып отыр. Соняны Метте-Маритке үлгі әрі тәлімгер ретінде сипаттайды. Ал король Харальдпен қоштасу рәсімінде екі патшайым оның табытын қол ұстасып бірге шығарып салған.
Айта кетейік, биыл тамыздың соңында Хокон VIII Норвегияның жаңа королі атанған болатын.