Норвегияда ірі өрт салдарынан 140-тан астам үй күлге айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегияның батыс бөлігінде Сернес түбегінде орналасқан үш ауылды тілсіз жау толықтай жалмап кетті, деп жазады Росбалт.

Норвегиялық телеграф бюросы хабарлағандай, 140-тан астам үй өртеніп кеткен.

Бұдан бұрын 70 үй өртенгені туралы хабарланған. 20-ға жуық адам апат аймағынан құтқарылды.

Өрт алаңы жайылып барады. Апат алаңына 4 өрт сөндіру тікұшағы жеткен, олар желдің күштілігіне байланысты өрт ошағына жете алмаған.