muslim.kz сайтының жазуынша, осыған байланысты діни және дүниетанымға қатысты түйткілді мәселелермен айналысатын үкімет комиссиясының 12 мүшесі жақтап дауыс берсе, тек үшеуі ғана қарсы екендіктерін білдірді.
Басылымның хабарлауынша, полицияның қызмет киіміне діни элементтерді енгізу мәселесі 2008 жылдан бері парламент қабырғасында және БАҚ-та кеңінен талқылана бастаған. Бұған басына орамал тартып, шариғат шеңберінен қия басып шықпауды құп көретін мұсылман қызы, Полиция жоғарғы мектебінің студенті Кельтум Муссимнің өтініші себеп болған.
Ал бұған елдегі оппозиция мен полиция өкілдерінің одағы тәртіп сақшыларының киімі бірыңғай формада болу керек деп өре түрегелді.