Норвегияда полиция мен сот қызметкерлеріне шариғат талабына сай киінуге рұқсат берілді

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Норвегия билігі полиция мен сот қызметкерлеріне қызмет барысында діни символы бар киімдерді, оның ішінде, хиджап, тақия, т.б. киіп жүруге рұқсат берді,деп хабарлайды muslim.kz.

«Новые известия» басылымына сілтеме жасап.

Осыған байланысты діни және дүниетанымға қатысты түйткілді мәселелермен айналысатын үкімет комиссиясының 12 мүшесі жақтап дауыс берсе, тек үшеуі ғана қарсы екендіктерін білдірген.

Басылымның хабарлауынша, полицияның қызмет киіміне діни элементтерді енгізу мәселесі 2008 жылдан бері парламент қабырғасында және БАҚ-та кеңінен талқылана бастаған. Бұған басына орамал тартып, шариғат шеңберінен қия басып шықпауды құп көретін мұсылман қызы, Полиция жоғары мектебінің студенті Кельтум Муссимнің өтініші себеп болған.

Ал бұған елдегі оппозиция мен полиция өкілдерінің одағы тәртіп сақшыларының киімі бірыңғай формада болу керек деп өре түрегелді.