«Ганс» деп аталған дауыл жексенбі күні кешке Швецияны басып, дүйсенбіде Норвегияға жетті, бұл Дания мен Финляндияның кейбір аймақтарына да әсер етті.
Төтенше құбылыс нөсер жаңбыр тудырып, оның әсерінен су тасқыны орнап, көлік жүйесінде ақаулар тудырды. Мыңдаған адам үйлерінен эвакуацияланды.
Норвегияның Премьер-Министрі Йонас Гар Стёре ел алдағы күндері жаңа су тасқынына дайын болуы керек деп мәлімдеді. Норвегияның шығыс аймақтарында су тасқыны мен көшкін қаупі туралы ескертудің қызыл деңгейі таралуда.
«Қызыл деңгейдегі су тасқыны туралы ескерту Викен мен Инландеттің көп бөлігі үшін сақталады. Елдің үлкен өзендерінің бірі Драмменсвассдрагеттегі су ағынының едәуір бөлігінің деңгейі 50 жылдық су тасқынынан асып түседі және оның салдары ауыр болады», - деді Норвегияның су және энергетика басқармасының маманы Эрик Холмквист.
Соңғы бірнеше күнде Викен мен Иннландет пункттерінде су тасқыны мен көшкін қаупіне байланысты жүздеген адам эвакуацияланды.
Халлингдалдағы Несбьенде орталықтың көп бөлігі су астында қалды. Бірқатар жерде тікұшақтарды қолдану арқылы кең көлемді эвакуациялау жүргізілуде.