Норвегияда түрме тапшылығы сезілуде

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Норвегия билігі көршілес Швецияға түрмелерді жалға алуға өтініш білдірді. Ослода түрме тапшылығына байланысты тіпті кейбір қылмыскерлерді бостандыққа жіберуге тура келетін көрінеді. Норвегия баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні 1000-нан астам қылмыскерге түрмеден орын табылмай тұр.

Стокгольмде осыған дейін де аталмыш қызмет түрі көрсетілген: үш жыл бұрын Швецияға Бельгия түрмелерінен 500-ге жуық қылмыскер жіберіліп, ақысына Брюссель 30 миллион еуро төлеген болатын, деп хабарлады «Россия 24» телеарнасы.