Норвегиядағы қос лаңкестік құрбандарының саны 97 адамға жетті

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Өткен жұмада Норвегияда орын алған қос лаңкестік әрекеттіуң салдарынан құрбан болғандардың саны 97 адамға жетті. Утейя аралында болған атыс кезінде оққа ұшқан жәбірленуші жексенбі күні ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды First News.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жұмада Норвегияда екі лаңкестік оқиға орын алды. Алдымен Осло орталығындағы премьер-министр кеңсесі орналасқан үкіметтік ғимараттар кешені маңында жарылыс болды. Полиция мәліметтері бойынша, жарылыстан сегіз адам көз жұмып, 19 адам жараланған.

Осы оқиғадан кейін бірнеше сағат өткен соң ел астанасына жақын орналасқан Утейя аралындағы Еңбек билік партиясының жастар лагерінде полицей боп киінген бейтаныс жігіт демалып жатқандарға қарсы оқ атқан. 32 жастағы норвегиялық азамат Андерс Беринг Брейвиктің лаңкестік әрекетінен кем дегенде 90 адам қаза тапты.