«Қазіргі кезде 41 шет елдермен автомобиль келісімі жасалған және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Аталған құжатқа сәйкес, екіжақты транзиттік тасымалдар, сонымен қоса үшінші елдерден немесе үшінші елдерге тасымалды рұқсат беру негізінде жүзеге асырылады. Аталған шарттар отандық тасымалдаушылар үшін тиімді. Өйткені қазіргі уақытта екі ел арасындағы жүк тасымалдарын үшінші елдердің өкілдері, яғни Беларусь және Ресей көлік компаниялары іске асыруда»,-деді министр ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасын таныстыру барысында.
Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы Қазақстан мен Норвегия арасында автомобильмен жүк тасымалының көлемі 53 пайызға ұлғайды.