«Норвегиялық лаңкеске» қатысты сот үрдісі тек 2012 жылы басталады

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Норвегиялық лаңкес Андерс Брейвикке қатысты сот үрдісі тек 2012 жылы ғана басталады.

Бұл жөнінде Норвегияның бас прокуроры Тур-Аксель Буш мәлімдеді, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Оның айтуынша, қазір оларды "келесі жылы бұл үрдіс қанша уақытқа созылуы мүмкін?" деген сұрақ алаңдатып отыр.

Брейвик 22 шілде күні Осло үкіметтік кварталында жарылыс жасап, бірнеше сағаттан кейін Утейя аралындағы жастар лагеріне шабуыл жасау үстінде 68 адамды еш аяусыз қырып тастағанын мойындады. Ол жерде қаза болғандар ішіндегі ең жасы бар-жоғы 14 жаста болатын. Бүгін полиция қызметкерлері аралда іздестіру шараларын толық аяқтады.