АСТАНА. ҚазАқпарат – «Манчестер Сити» шабуылшысы, норвегиялық Эрлинг Холанд Ағылшын чемпионатында абсолютті рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Вест Хэм» клубымен өткен матчта (3:0) Э.Холанд үш голдың біреуінің авторы атанды.
Осылайша, норвегиялық шабуылшы биылғы маусымда соққан гол санын 35-ке жеткізді. Сөйтіп ол Энди Коул (40 матчта 34 гол, 1993-1994) мен Алан Ширердің ((34 гол, 1994-1995) көрсеткішінен асып түсті.
«Бұл – мен үшін ерекше сәт. Мен өте бақыттымын және мұнымен мақтанамын. Басқа не айта аламын. Әрине, мен рекорд туралы білдім, гол соғуға тырыстық, олар қорғанғандықтан, бұл оңайға түспеді. Бірінші таймда біз күш салдық, екінші кезеңде гол соғатын сәттер ақыры келді», деді Холанд.
«Манчестер Сити» Англия біріншілігінде 33 ойыннан 79 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ағылшын клубының шабуылшысы тағы бір үздік көрсеткішіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).