«Норвегияның Арктика жарысы»: Луценко мәреге үшінші болып жетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алексей Луценко бастаған «Астана» велокомандасы «Норвегияның Арктика жарысының» ең қиын кезеңін жақсы нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Арктикажарысының «Корольдік кезең» деп аталатын осы бөлігі Норвегияның Нурланноблысындағы (фюльке) Мельбу елді мекенінің жанындағы биік Сторхейя тауының ұшарбасында аяқталды.

Жарыстыңбиік шыңға өрмелеген соңғы бөлігінде Алексей Луценко жақсы дайындалғанын көрсете білді.Сөйтіп, жарыс жолының ой-қырын жақсы білетін жергілікті велошабандоз ОддКристиан Айкинг және франциялық Варрен Баргидің ізін ала мәреге үшінші болыпжетті.

«Соңғыкөтерілу қиынға соқты. Мен соңына дейін күрестім. Үшінші болып келсем де,өкінбеймін, өйткені қолымнан келгеннің бәрін істедім. Бүкіл командаға алғысайтамын, жігіттер мен үшін көп еңбек етті», - дейді Алексей Луценко.

Жалпыжарыстың аяқталуына бір кезең қалды. Қазір бас квалификацияда Варрен Баргий көшбастап тұр, ал екінші орындағы Алексей Луценко одан үш-ақ секунд артта келеді.«Астананың» басқа мүшелері Уго Уль бесінші (+0.30), ал Магнус Корт алтыншы(+0.35) орында.

Соңғы жаңалықтар