Ал бүгін әйелдер 58 келі салмақ бойынша сынға түссе, ерлер арасында 69 келіге дейінгі жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталатын болады. Әйелдер арасындағы тартысты бәсекелер күн сайын Астана уақытымен 20-30-да басталады. Ал ерлер Астана уақытымен 23-30-да күш сынасады.
«Еуроспорт» телеарнасы ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатын күн сайын тікелей эфирде көрсетуде.
Ертең, 13 сәуір күні, 63 келіге дейінгі әйелдер, 77 келіге дейінгі ерлер бақ сынайды. 14 сәуір күні әйелдер 69 келіде, ерлер 85 келіде сынға түседі. 15 сәуір, жұма күні, 75 келіге дейінгі әйелдер, 94 келіге дейінгі ерлер арасындағы Еуропа чемпионы белгілі болмақ. Ал 16 сәуір, сенбі күні, қорытынды жарыстар өтеді. Еуропа чемпионатының соңғы күнінде Астана уақытымен сағат 15-15-те 105 келіге дейінгі ерлер арасында кім мықты екені айқындалмақ. 18-30-да 75 келіден жоғары салмақтағы әйелдер күш сынасса, сағат 21-00-де 105 келіден жоғары салмақтағы алыптар жарыс аптасын қорытындылайтын болады.
Ауыр атлетикада әлемдік және халықаралық деңгейде жеңімпаз атанып жүрген спортшылары бар Қазақстан үшін Еуропа құрлығында өтіп жатқан жарыстың да маңызы зор. Биыл 5 - 21 тамыз күндері Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ Олимпиада ойындары өтетіні белгілі. Ендеше, қазір қазақ спортшыларының жаһандық додада Еуропа құрлығы бойынша басты қарсыластары кімдер екеніне назар аударуға мүмкіндік туып тұр.