«Нос» сыйлығының қысқаша тізімі жарияланды

АСТАНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат - Қарашаның 4-інде Красноярскідегі үшінші кітап жәрмеңкесінде «Нос» («Новая словесность» - «Жаңа сөз өнері») сыйлығының қысқаша тізімі жарияланды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат OpenSpace сайтына сілтеме жасап.

Тізімге мыналар: Андрей Аствацатуров - «Жалаңаш жандар», Татьяна Бочарова - «Новочеркасск: қанқұйлы бесін», Лев Гурский - «Роман Арбитман », Сергей Носов - «Петербор ескерткіштерінің құпия өмірлері», Андрей Степанов - «Адамдарға қатысы жоқ ертегі» және Елена Элтанг - «Тас үйеңкі» енді.

 Сыйлықтың жалпы парағында 30 кітап болған. Шорт-параққа енген барлық үміткерлер 40 мың рубльден алады; «Жаңа сөз өнерінің» жеңімпазы қаңтардың аяғында анықталады. Жеңімпаз мүсінге қоса 700 мың рубль алады.

 Михаил Прохоров қоры 2009 жылы Гогольдің 200 жылдық мерейтойын тойлау кезінде «Нос» («Новая словесность» - «Жаңа сөз өнері») сыйлығын тағайындаған болатын. Ұйымдастырушылар сыйлықтың міндеті «орыс тіліндегі қазіргі заманғы көркем сөз өнерінің жаңа таланттарын ашу және көмек көрсету» екенін атайды. Сыйлық жыл сайын тапсырылады деп жоспарлануда.