Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік бағытқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Елордада жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда арагідік жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және күшті жел күтіледі. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысында солтүстік желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде күн 35–36 градусқа дейін ысиды. Батыс және шығыс бөліктерінде жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер, бұршақ және күшті жел болады. Желдің екпіні секундына 15–25 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. Облыста жоғары, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер болады. Күндіз бұршақ түсіп, жел соғады. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Облыстың бірқатар ауданында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және жел болады. Желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы өңірлерде түнде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні шығысында секундына 23–28 метрге дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ пен жел күтіледі. Облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай, шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ, шаңды дауыл және екпінді жел күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Күндіз бұршақ пен жел күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың батысында жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Осы,ан дейін Алматыда аптап ыстықтан электр энергиясы жаппай өшкені туралы жаздық.