– Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, екпінді жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, - деп хабарлады «Қазгидромет».
1 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2 маусымда батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. Батыста және солтүстік-батыста қарқынды аптаптың төмендеуі күтіліп отыр.
Еліміздің қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп жоғарылайды. Күндіз орталықта, ал оңтүстікте 35-40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.