Бұл туралы село әкімшілігінің басшысы Арсен Докшукин мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Көпір сол арқылы өтетін су құбыры да зақымдалған. 250 үй сусыз қалды. Көлік тек көрші Жоғары Жемтала елді мекені арқылы қатынауда.
Бұдан бұрын ТЖМ аймақтық басқармасы көпірдің қирағаны жайлы хабар 19:05-те түскендігін мәлімдеген еді. Олардың деректеріне қарағанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.