Атап айтқанда, Ташкент облысы Бостандық ауданының бірнеше таулы аймақтарында орналасқан елді мекендердің көшелерін, үйлердің аулаларын су басып қалды. Оқиға орнында 189 құтқарушы мен 26 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, Сұрхандария облысының Байсын және Алтынсай аудандары аумағындағы Алтынсай арнасының тасу қаупіне орай ондағы 900-дей азамат уақытша эвакуацияланды және көлік қатынасы уақытша тоқтатылған. Тасқын салдарын жоюға 150-ден астам қызметкер, сонымен қатар 20-ға жуық техника тартылды.
Мұндай жағдай Науаи облысы Зарафшан, Нұрата аудандарында да байқалған. Мұнда 300-дей азамат 9 автокөлік және 70 жеке құрамның көмегімен қауіпті аймақтан көшірілді.
Облыстық ТЖМ хабарлауынша, адам шығыны болмаған.