Қалалық кеңестің отырысында қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында ел аумағына жауған жаңбырдың салдарынан жолдар мен электрмен қамту нысандары зақымданғаны айтылды. Бүгінде метроны жөңдеудің өзіне 50 млн. еуродан астам көлемде қаржы керек. Сондай-ақ көгалдандыру жұмыстарын қалпына келтіруге 12 млн. еуро, ал гидрологиялық бағыттағы жұмысқа 3,7 млн. еуро қажет. Осыған орай, Рим басшылығы Лацио облысының әкімшілігімен бірлесіп үкіметтен төтенше жағдай жариялап, қосымша қаржы бөлуді сұрап отыр.
Жауын-шашын салдарынан Тибр өзені деңгейінен асып, қашық маңдағы аудандарға қауіп төндіре бастады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.