Бұл жайында қалалық төтенше жағдайлар департаменті ескертті.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 10 мамыр күні шаһарда қатты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді» делінген департамент хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болатыны хабарланған еді.
«Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады» деп ескерткен «Қазгидромет».