Нөсер жауын салдарынан биік қоршау құлап, 9 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Никарагуа астанасында нөсер жауыннан кейін көл-көсір су мен лай ағындарының салдарынан резиденция аумағындағы қоршау қабырғасы құлап, тоғыз адам мерт болды.

Бұл туралы төтенше оқиға аумағында жеті адамның құтқарылғанын көрсете отырып, Манагуа қаласы басшылығының өкілдері хабарлады.

Лай ағыны қоршауға жақын орналасқан тұрғын үйлерге айтарлықтай залал келтіргені де атап өтілді. Оқиға орнынан 52 отбасы қауіпсіз жерге көшірілді.