Нөсер жауын салдарынан Ыстанбұл метросын су басып қалды
14:01, 18 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нөсер жауын салдарынан Ыстанбұл метроларының бірнеше станцияларын су басып қалды, деп хабарлайды Habertürk басылымы.
Толассыз жауын ұшақтарға да ықпал етті: ауа райының қолайсыздығына байланысты көптеген авиарейстерді тоқтатуға тура келіп отыр.
Еске сала кетсек , бұған дейін, Жапонияда жауыннан кейінгі су тасқыны салдарынан көптеген адамдарды қауіпсіз аймақтарға көшіруге кеңес берілген болатын.