Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Салдарынан жаңбыр жауады, республиканың батысында нөсер жауын жауады.
Тек республиканың солтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді, найзағай ойнайды, солтүстікте және шығыста – тұман, оңтүстікте – дауыл, күндіз шаңды дауыл, батыста – бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде бұршақ жауады, солтүстігінде тұман түседі, облыстың шығысында, батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай кезінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында желдің күші - 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарда дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтобе облысының батысында, оңтүстігінде жел 18 м/с дейін күшейеді.
Қостанай, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жел екпіні - 15-20 м/с.