Нөсерлі жаңбырдың салдарынан Қостанайды су басты

None
ҚОСТАНАЙ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қостанайда құрғақшылықтың 4 айында бірінші рет нөсерлі жаңбыр жауды.

Жаңбыр түнде құйындатып өтті, аз уақытқа тоқтаған жаңбыр күннің бірінші жартысында қайта басталып, осы уақытқа дейін жауып жатыр.

Жаңбырдың салдарынан тұрғындар кейбір ыңғайсыздықты сезінуде. Кәріз жүйесі жауған жаңбырды еңсере алмай, су аулаларды басып қалуда. Кейбір аудандарда электр қуаты істен шықты. Адамдар жекеменшік пәтерлер кооперативіне шағымдануда. Төбеден су ағып, аулалар мен жолдарды су басып, шайып кетуде.  

Синоптиктердің берген мәліметтеріне қарағанда, Қостанай облысы Атлантикадан келген циклонның ықпалында қалып отыр. Жергілікті гидрометео-орталық хабарлағандай, өткен түнде 25 мм жауын-шашын түсті. 2 тамызда да нөсерлі жаңбырдың жаууы ықтимал.