Нөсерлі жаңбырдың салдарынан республиканың бірқатар таулы аумақтарында қауіпті жағдай қалыптасуы мүмкін - Қазгидромет
08:29, 23 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, маусымның 23-і күні толастамай жауатын жаңбырдың салдарынан республиканың бірқатар таулы аумақтарында қауіпті жағдай қалыптасуы мүмкін.
Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінен мәлім еткендей, алдағы тәулікте Алматы облысының таулы өзендерінде нөсерлі жаңбырдың салдарынан су тасқындары болып, Алматы облысының тауларында селдер жүруі мүмкін. Бұл өңірде қауіпті жағдай маусымның 24-і күні де сақталады деп күтілуде.
Ал республиканың оңтүстік және шығыстағы тауларында судың деңгейлері көтеріледі деп болжануда.