Нөсерлі жауыннан жүздеген баспана қирады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатты нөсерлі жауынның салдарынан Тәжікстанның Яван және Вахдат аудандары мен Хатлон облысында 500-ге тарта үй толығымен құлаған, кейбірі ішінара қираған.

Осы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөлік жолдарына, су құбырларына, сондай-ақ егіс алқаптарына зақым келді.

Нөсерді жауын салдарынан туындаған лай көшкіні де жағдайды қиындатып отыр.