Оның басты себебі, ресми құжат бойынша құны $1 млрд болатын Мәскеудегі мүлкі бар магнат кедей болып шықты.
"Росбалтқа" дереккөз хабарлағандай, осы аптада Минеевтің өлгенінен 6 ай өтті. Нотариус Алексей Соловьев бизнесменнің туыстарына оның мүлкінің куәлігін беруі тиіс еді. Алайда ол мұны орындамады. Өйткені Минеевтің атына жазылған мүлік болмай шықты. Ресми құжаттар бойынша бұл бизнесменде 3 ұсталған көлік қана болған. "Минеевтің барлық активтері жасырылыпты. Александрдың иелігінде не болғанын дәлелдеу мүмкін емес ", - деді дереккөз.
Еске сала кетейік, 2014 ж 22 қаңтарда киллерлер көлік ішінде болған "Партия" фирмасының негізін қалаушы Александ Минеевті атып кетті. Ал бұған дейін бизнесменге тиесілі құны $1 млрд болатын 21 мүлік нысаны жалған құжат бойынша Дағыстан тұрғындарының атына көшірілген.