Newsru.com сайтының хабарлауынша, бұл жаңа технология Intel компаниясы инженерлерінің қатысуымен жасалған. Оның негізі бір-бірінің үстіне қондырылған көптеген ұяшықтардан тұрады.
Жұмыс барысында мамандар сол әдіспен ұяшықтардың 32 қабатын орналастырған. Сол арқылы олар жинақтағыш құрылғы жадын 32 Гб, содан соң 48 Гб-ға дейін арттырыпты. Ал шығарылуы жоспарланып отырған 10 Тб-лық жады жинақтағыштар небәрі 6 сантиметрлік флеш-дисктермен көлемдес болып келеді екен.
Сыйымдылығы зор мұндай құрылғылар саудада келер жылдан бастап пайда болады.