Новак Джокович алтыншы рет Уимблдон турнирінің жеңімпазы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемнің бірінші ракеткасы серб Новак Джокович Уимблдонның финалдық кездесуінде 6: 7 (4: 6), 6: 4, 6: 4, 6: 3 есебімен итальяндық Маттео Берреттиниді жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл сәттілік Новакқа мансабында алтыншы рет Уимблдон чемпионы болуға мүмкіндік берді.

Осылайша, теннисші көрсеткіштері бойынша рекордшылар Роджер Федерер мен Рафаэль Надальмен теңескен «Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін жеңімпазы атанды.

2021 жылы Джокович өзінің екі негізгі қарсыласын қуып жетіп, алғашқы үш үлкен турнирде жеңіске жетті.

Ол алғашқы «Үлкен дулыға» титулын 2008 жылы Австралияның ашық чемпионатында еншіледі. Сол жылы сербтен алты жас үлкен Федерер өзінің 20 атағының 12-сін алып үлгерген болатын.

Қуанышын бөліске Джокович өз сөзінде Надаль мен Федерерді атап өтті.

«Мен Рафа мен Роджерге құрмет білдіргім келеді. Олар біздің спорттың аңыздары және мен бәсекеге түскен ең керемет ойыншылар», - деді Джокович.

«Соңғы 10 жыл керемет болды, мен мұнымен тоқтамаймын», - деп қорытындылады ол.

Федерер оны Twitter-де құттықтады.