Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы, әлемнің 7-ракеткасы Новак Джокович Astana Open ATP 500 жарысының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сербиялық теннисші жартылай финалда әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда ресейлік спортшы басымдылық көрсетті – 6:4.

Екінші сетте тай-брейкте Н.Джокович сәтті ойнады – 7:6 (8:6).

Бұдан кейін Д.Медведев жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.

Осылайша, финалда Н.Джокович әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесетін болды. Ол екінші жартылай финалда әлемнің 9-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевті жеңді – 4:6, 6:3, 6:4.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Чехиядағы ірі жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Астана турнирінің жартылай финалында Новак Джокович пен Даниил Медведев кездеседі.

Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің финалына шықты.