ОРАЛ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Теректі ауданының Новопавлов ауылында қос бірдей нысан пайдалануға берілді.
Оның алғашқысы - жалпы аумағы 7825 шаршы метр болатын стадион құрылысына жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге қаралған болатын. Жаңа стадионды «Достық-Теректі» ЖШС салып бітірді.
Екінші нысан - ауыл әкімдігі, клуб, кітапхана орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуге аудандық бюджеттен 6,8 млн. теңге жұмсалды. Жөндеу жұмыстарын жеке кәсіпкер Ерболат Амангелдиевтің «Yerbolat.com» кәсіпкерлігі жүргізді.
Аталмыш нысандардың ашылу рәсіміне аудан әкімі Жеңіс Серікқалиев қатысып, бұдан былай да әлеуметтік салаға көңіл бөлінетінін атап көрсетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).