2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Новоресейге 100 миллионыншы тонна теңіз мұнайы жөнелтілді

АТЫРАУ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Новоресейдегі «КТК-Ресей» ЖАҚ терминалына Атырау облысындағы «Теңізшевройл» ЖШС-да өндірілген 100 миллионыншы тонна қазақстандық мұнайы жөнелтілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Каспий мұнай құбыры 2001 жылы пайдалануға берілген болатын, сондан бері ол «Теңізшевройл» ЖШС-да өндірілген мұнайды Новоресей теңіз айлағының терминалдарына тасымалдайтын негізгі арна болды. Сол жерден түрік бұғаздары арқылы әлемдік нарыққа тасымалданады.

КМҚ-дан басқа ТШО өз мұнайының бір бөлігін  теміржол, Атырау-Самара мұнай құбыры және танкерлермен Каспий теңізі арқылы  Бакуге  жөнелтеді.