Новороссийскіде ұшқышсыз ұшақ шабуылынан Каспий құбыры консорциумының екі қызметкері жараланды
АСТАНА.KAZINFORM - Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) кеңсесі қала орталығына жасалған жаппай шабуылдан зақымданып, екі қызметкер жарақат алды. Бұл туралы журналистерге компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ТАСС.
— Бүгін жұмыс күнінің ортасында Новороссийск қаласының орталығына ұшқышсыз ұшақпен жаппай шабуыл жасалды. Соның салдарынан тұрғын үйлер мен қонақүйден бөлек, «КҚК-Р» АҚ қалалық кеңсесі зардап шекті.
Компанияның екі қызметкері әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Әкімшілік кеңседегі операциялар уақытша тоқтатылды, — делінген хабарламада.
Зардап шеккендердің бірінде оқ жарақаты бар, бұл ұшқышсыз ұшақтың оқтұмсығында снарядтардың болуын көрсетуі мүмкін.
Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумының құрылғысы уақытша жөнделіп жатқаны хабарланған болатын.