Новороссийскіге шабуыл жасалды: Қазақстан мұнайын тасымалдау тоқтаған жоқ

Фото: Энергетика министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы «Шесхарис» мұнай терминалындағы жағдайға түсінік берді. 

Айта кетейік, Новороссийскіде дрондардың шабуылы салдарынан «Шесхарис» кешеніндегі мұнай базасы зақымданғаны мәлім болды.

— Қазіргі уақытта «Атырау — Самара» және «Ақтау — Махачкала» бағыттары бойынша қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау штаттық режимде, шектеусіз жүзеге асырылып жатыр, — деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева.

Осы орайда ол министрлік «Транснефть» компаниясымен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

— Барлық процесс ведомствоның жіті бақылауында, — деп нақтылады ресми өкіл.

Еске салсақ, биыл қыркүйек айында Новороссийскіде дрондар шабуылынан Каспий құбыры консорциумының екі қызметкері жараланды