«Қазақстаннан әкелінген жалпы салмағы 20 тонна жаңа піскен шабдалы Новосібір базарларының бірінде сату үшін шығарылған. «Россельхознадзордың» Новосібір облысы бойынша ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары карантиндік фитосанитарлық тексеру кезінде жемістің фитосанитарлық қауіпсіздігін растайтын сертификаты жоқ екенін анықтады. Барлық 20 тонна жаңа піскен шабдалы Қазақстанға қайтарылды», делінген аталмыш басқарманың хабарламасында.
11:38, 02 Шілде 2014
Новосібір билігі 20 тонна жаңа піскен шабдалыны Қазақстанға қайтарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Новосібір облысына Қазақстаннан жаңа піскен шабдалының ірі партиясын заңсыз алып өтпек болған.