Новосібірден Павлодарға және кері бағытта аптасына екі мәрте ұшақ қатынайтын болды. Билеттер барлық әуе билеттерімен айналысатын агенттіктерде сатылып жатыр. Кез келген сайтқа кіріп қарауға болады. Ұшақтар сейсенбі және демалыс күндерінің бірінде ұшады,-деді «Аэропорт Павлодар» АҚ басқарма төрағасы Марат Шишов.
Оның айтуынша, билет бағасы 30 000 теңгеден төмен болмайды. Тікелей рейстердің кеңсесі Новосібір қаласында орналасқан «S7 Airlines» әуе компаниясы арқылы жүзеге асырмақ.
Үлкен әуе кемелері шығынды ақтамайтындықтан, аталған бағытқа 80 орындық шағын «Embraer» ұшақтары жіберіледі.