Новосібір-Павлодар жолының 103-ші шақырымында автобус аударылды: 8 адам қаза тапты

АСТАНА.  Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат -  Новосібір  облысында  рейстік автобус  аударылып,  оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты,  тағы 38 адам  жарақат  алды.

Ресей Төтенше жағдайлар  министрлігінің   Сібір  аймақтық орталығының баспасөз қызметінің  ақпараты  бойынша,     оқиға  кезінде автобуста 47 жолаушы  және  екі жүргізуші  болған.   Апат салдарын жою    жұмыстарына 59 адам жұмылдырылды,  деп     хабарлайды ҚазАқпарат   РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Оқиға кеше,  шілденің 19-ы күні  мәскеу уақыты бойынша сағат  23.30-да   (жергілікті уақыт   бойынша  шілденің 20-сы сағат 2:30-да) Новосібір-Павлодар  жолының   103-ші  шақырымында болған.  Томск-Яровое бағытында   кетіп  бара жатқан   рейстік автобус аударылған.

Автобус  жолаушыларының туыстары мен жақындары үшін Томскіде екі  жедел телефон   жұмыс істеуде: 8(3822)69-99-99 и 8(3822)66-44-22.

Қазір оқиға орнында  құтқарушылар жұмыс істеп  жатыр.  Жол апатының   мән-жайы анықталуда.