Новосібір жанында оқ-дәрі салынған 10 вагон жанып кетті

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Новосібір жанында жоюға арналған оқ-дәрі салынған 10 вагон отқа оранды. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып РБК хабарлады.

Хабарламада аталып өткендей, бүгін шамамен сағат 08:00-де (мәскеу уақыты бойынша) Новосібірден 100 шақырым жерде әскери эшелон жүріп бара жатқан кезде оқ-дәрі салынған вагондардың бірі отқа оранды. Оқиға орнынан жасалаған есепке сәйкес, эшелон адам жүрмейтін жерде - «Тихомировский» разьезінен 2 шақырым жерде қалдырылды.

Пойызда келе жатқан қарауылдың жеке құрамы және бір топ машинист ұғыл түрде оқиға орнынан кетіп, қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Бас-аяғы 30 миллиметрлік оқ-дәрі тиелген 10 вагон өртенді. Оқиға орнында болған жәйіттің себептерін анықтау мақсатында Орталық әскери округтің комиссиясы жетті.