Жергілікті тұрғындар «Медвежий плес» деп аталатын жерде өртенген аңшылардың үйшігіне тап болған. Күл мен күйіндінің астынан ер адамның мәйіті табылған. Оның маңынан тағы 4 ер адамның денесі шыққан. Дерек бойынша, бәрі де оқ тиіп мерт болған.
Марқұмдардың кім екендері анықталды. 4-еуі Холмогорск ауданының және бірі Плесецк ауданының тұрғыны болып шыққан.
Алдын ала болжам бойынша, олардың бірі 4-еуін өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған көрінеді, деп жазады шетелдік БАҚ.