Nur Alem музейіне кіру балаларға тегін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 3 қаңтарға дейін Nur Alem болашақ энергиясы мұражайына кіру 12 жасқа дейінгі балаларға тегін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «QazExpoCongress» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елорданың көрікті жерлерінің бірі – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін 12 жасқа дейінгі балалар үшін тегін жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұражай мереке күндері жаңа жұмыс кестесіне көшеді:

- 1 қаңтар сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін

- 2-8 қаңтар сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін.

Мұражай маңында ашық аспан астындағы мұзайдыны бар. Мұзайдынның ауданы - 1 300 шаршы метр. Бір сағаттық сеансқа конькиді жалға алу құны – 500 теңге, ал өз конькиімен келгендер тегін кіре алады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін киім ауыстыратын бөлме, қоғамдық тамақтану орындары және тәулік бойғы 3 мың көлікке арналған жерасты паркингі қарастырылған.

Мұзайдынның жұмыс кестесі:

- жұмыс күндері сағат 12:00-ден 23:00-ге дейін

- демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.

Ал, балаларға арналған сырғанақта өз баллондарымен сырғанай алады. Биіктігі – 5 метр, ұзындығы – 14 метрден асады. Сондай-ақ, тюбингілерді жалға беру пункті бар. 2 сағаттық сеансқа жалға алу құны – 1 000 теңге.

Балалар сырғанағының жұмыс кестесі:

- сағат 12:00-ден 21:00-ге дейін.

Айта кетсек, 1-15 қаңтар аралығында EXPO кешеніне келушілер көліктерін паркингке тегін қоя алады.