NUR.KZ Қазақстандағы ең ірі жаңалықтар бейнепорталын іске қосты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - NUR.KZ IT-компаниясының әзірлеушілер командасы NUR TV News жаңалықтар бейнепорталын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді 30 мыңға жуық адам өз таңын бейнежаңалықтар көруденбастайды. NUR TV платформасы айына 10 млн-нан астам, ал бейнесюжеттер тәулігіне250 мыңнан астам қаралым жинайды.

«Бейнетаспаларыбар жаңалықтар материалдары пайдаланушыларға әдеттегі жаңалықтарға қарағандакөбірек ұнайды. Бұл бізді бейнежаңалықтар таспасы үздіксіз жаңартылатын жекересурсты құруға итермеледі», - деді NUR.KZ сайтының бас редакторы Лейла Темірханова.

Сервис айына600 мыңнан астам бірегей пайдаланушыларды қамтиды. Бейнепортал үшінқазақстандық ТВ-арналарының ең маңызды жаңалықтары іріктеледі. NUR TV News«КТК», «31 арна», «Хабар 24», «Азаттықрадиосы», «Sputnik Казахстан», «Almaty TV» және«Astana TV» компанияларымен ынтымақтасады.

Айта кету керек, бейнепортал командасы Euronews және BBCірі әлемдік контент өндірушілерімен келіссөздер жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар