«Нұр Отан», «Ақ жол» және ҚКХП «Жібек жолындағы «Азиялық саяси партиялар» конференциясына қатысуда
Ф.Қуанғанов «Саяси көшбасшылық: саяси партиялар үшін жаңа консенсус», Ж.Ахметбеков - «Адамдар арасындағы байланыстар: өркениеттер арасындағы жаңа диалог», А.Перуашев - «Экономикалық интеграция: дамудың жаңа серпіні» атты пікірталастарына қатысуда.
16 қазанда Қазақстан өкілдері Қытай және Орталық Азия елдері саяси партияларының өзара ықпалдастығы мәселелері бойынша семинарға шақырылған.
Еске сала кетейік, «Жібек жолындағы «Азиялық саяси партиялар» арнайы конференциясына қатысу үшін 31 елдің 64 саяси бірлестік өкілдері келді. Конференцияның жоғары лауазымды қонақтары - Кипр президенті, Камбоджа премьер-министрі, Мальдив вице-президенті, Лаос, Грузия, Моңғолия және Бангладештің парламент спикерлері және т.б.
Конференцияның негізгі тақырыбы - «Жібек Жолына жаңа көзқарас. Жалпыға ортақ даму үшін әрекет». Шараның аясында 23 елден келген 50-ге жуық медиақұрылымы өкілдерінің қатысуымен «Жібек жолының жаңа тарихтары» медиафорумы өткізілуде.
«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің Бас директоры Дәурен Дияров қонақ ретінде «Ұлы Жібек Жолының жаңа тарихы» медиафорумының ашылу салтанатында бірінші болып сөз сөйледі.