«Nur Otan»: Ақтөбеде жыл сайын 8 мың жас жұмысқа орналастырылады
«Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттың бірі - жастарды жұмыспен қамту. «Дина» супермаркетінің қызметкерлерімен кездесу кезінде үміткер Айгүл Дүйсенова кәсіп ашу, жоғары және арнаулы орта оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыру басымдығымен бөлісті.
«Өңір бойынша жыл сайын 20-дан астам жасқа облыс әкімінің гранты беріледі. Бұл жастарды еңбекке араластырып, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жұмыс. Ірі өндіріс орындары мен оқу орындары арасында келісім жасалып, түлектердің кедергісіз жұмысқа орналасуына жағдай жасалады. Партияның сайлауалды бағдарламасында мұнан өзге де әлеуметтік мәселелердің шешімі нақты көрсетілген. Ақтөбеліктерді әрбір азамат үшін ашық «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», - деді үміткер Айгүл Дүйсенова.
Ақтөбелік тұрғын Рабиға Сақтағанова партияның жастарға бағытталған басымдығы үміт сыйлағанын, тұрғын үймен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашуға уәде берген Nur Otan-ға дауыс беретінін айтты.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.