ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» партиясының бастамасымен облыс прокуратурасының басшылығы азаматтарды қабылдауда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаңтардың 12-сінде облыс прокурорының бірінші орынбасары Батыр Жазбаев «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жиырмадан астам азаматтың сауалына жауап берді. Прокурорға қойылған сауалдар сан алуан. Мұнда құқық қорғау органдарының жекелеген қызметкерлерінен қысым көргендер, сот шешіміне наразылар, алаяққа алданып, баспанасынан айрылғандар және басқа себеппен келгендер аз емес. Прокурор барлығын мұқият тыңдап, істі жіті қарастыруға уәде берді.
Мұндай қабылдаулар әр аптаның сейсенбі күні ұйымдастырылып тұратын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).