Тақырып аясында ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Азамат Базылбеков қылмыстық жазаға тартылған тұлғалардың әлеуметтік бейімделу мәселелері туралы баяндама жасайды. Сонымен қатар Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова қылмыстық жазаға тартылған тұлғалардың әлеуметтік көмекпен қамтылуына тоқталатын болады.
Бұдан бөлек, «Халықаралық түрме реформасы» халықаралық қоғамдық ұйымы өкілдігінің өңірлік директоры Азамат Шамбиловтың баяндамасы да күтіледі. Жиынға Парламент депутаттарынан бөлек, өңірлердегі бірқатар мекемелер басшылары шақырылған.