«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қатары толықты ? брифинг
16:18, 12 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы мүшелігіне қабылдануға тілек білдірген, ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде қызмет ететін 110 адамға партия билеті тапсырылды.
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұл шара партияның ХІІ съезі қарсаңында аталған кеңседе өткізілген арнайы жиында жүзеге асырылды. Партияның Үкіметтегі ресми өкілі Владимир Дворецкий жиналғандар алдында съездің күн тәртібін және партияның алға қойған мақсаттарын баяндап берді», - деп атап өтті О.Петерс.