«Бұл - ғасырлар бойы азаттық аңсаған біздің еліміз үшін орны бөлек мереке. Осыдан жиырма бір жыл бұрын Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егемендігін енді алған халқын асқаралы да сындарлы белестерге батыл бастады. Көшбасшысын қапысыз таңдаған туған елі енді бүгін әлемдік қауымдастықтың бел ортасындағы беделді мемлекет болып танылды. Өркениет жолында талай өрелі іс тындырған Қазақстан татулық пен бірліктің, береке мен ырыс-құттың ордасына айналды. Бүгінгі мемлекетіміз - ішкі-сыртқы саяси-экономикалық тұрақтылық пен мәдени-рухани өрлеуден үдемелі даму жолына түскен ел.Құрметті халайық! Ертеңі нұрлы егемен еліміз гүлдене берсін! Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр және сәулетті тұрмыс тілейміз! Мереке құтты болсын», - делінген құттықтауда.
08:36, 15 Желтоқсан 2012
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Саяси кеңесі еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтайды
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Саяси кеңесі барша қазақстандықтарды еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтайды. Құттықтау мәтіні «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған.