«Нұр Отан» халықтық партия болғандықтан әділетті партия болуға міндетті - Д. Кәлетаев
14:38, 04 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Нұр Отан» халықтық партия болғандықтан әділетті партия болуға міндетті.
Бүгін «Нұр Отан» ХДП идеологиялық активінің республикалық кеңесінде «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр Отан» барлық саяси жүйелерді орталықтандыратын, орталық және жергілікті билікті үйлестіретін, қоғамды жұмылдыратын ерекше институт болып табылады. Партия өзінің идеологиясын мемлекет азаматтарына сене отырып жалғастырады. Жалпы, қоғамды бір мақсатқа жұмылдыруға - түрлі әлеуметтік жағдайдағы, түрлі көзқарастар ұстанатын топтардың пікірлерімен бөлісу нәтижесінде қол жеткізілді. Бұндай бағыт біздің партияның негізгі идеологиясында көрініс тапқан. «Нұр Отан» жұртшылық үшін ерекше болатын ұлттық дәстүрлерді, рухани және отбасылық құндылықтарды, ана тілі мен мәдениетті дамытуды қолдайды. Сонымен бірге, біз халықтық партия ретінде әділетті партия болуға міндеттіміз. Сондықтан да, біз жұртшылық үшін мүмкіндіктерінің теңдей болуын жақтаймыз», деді Д. Кәлетаев.
Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы қазақстандық қоғам ресурсын ұлттың тұтастай ресурсы ретінде қарастырады. Ал партияның әлеуметтік саясаты нарықтық экономиканы әлеуметтік сала үлесін арттыра отырып одан әрі дамытумен ұштасады. «Бұл бағытта әлеуметтік бағдарланған өндірістерге қолдау білдіріліп, жұмыспен қамтуды жоғарылату, мемлекеттің қаржылық-экономикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, азаматтардың ахуалын жақсартуға, зейнетақы мен жалықыны өсіруге, білім беру несиелері мен салық мөлшерлемесін төмендетуге, әлеуметтік әріптестікті дамытуға баса назар аударылады», деді Д. Кәлетаев.